Президент • 29 Сәуір, 2019

Елбасы: Ассамблея - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың басты кепілі

1371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды.

Елбасы: Ассамблея - еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың басты кепілі

Сессияда сөз алған Тұңғыш Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік пен келісім сарайына жиналғандарды сессиясының ашылуымен құттықтады.

«Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр», деді Елбасы.

Сессия соңында «Туған жерге тағзым» атты салтанатты концерт өтпек. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова өнер көрсетеді. Концерт Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблі солистері, Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблдерінің бірлескен «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициясымен басталады деп күтіліп отыр. 


Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00