Саясат • 29 Сәуір, 2019

Қай ұлттан болсақ та барлығымыз қазақ жерінің баласымыз - Елбасы

1004 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қай ұлттан болсақ та барлығымыз қазақ жерінің баласымыз. Барлығымызды қасиетті жерге махаббат біріктіреді» деді Елбасы ҚХА XXVII сессиясында.

Қай ұлттан болсақ та барлығымыз қазақ жерінің баласымыз - Елбасы

«Еліміздегі халықтардың бірілігінің айқын көрінісі ретінде «Туған жер» бағдарламасын айта аламыз. ҚХА XXVII сессиясы еліміздегі тарихи оқиғаларға тұс келді. 30 жылға жуық уақыт бойы ел басқарып келдім. Біздің мемлекетіміз туралы көптеген болжамдар бар еді. 30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия, біздің Қазақстан да - жаңа қақтығыс ошақтарына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этно және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ, тәуелсіздік жылдары біз - Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығардық», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасы мығым мемлекет екенін айта отырып, «Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, халықаралық жоғары дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді», деді Елбасы.