Осы өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты -су ресурстарын басқару саласындағы тараптар арасындағы ынтымақтастық үшін негіз құру.
Рәсімге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мырза және Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары, Венгрияның Қаржы министрі Михай Варга мырза қатысты.
Меморандум екі тарап арасындағы су ресурстарын ықпалдастыра басқару және шекарааралық су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша серіктестікті дамыту үшін негіз болады.
Меморандум аясында су ресурстарының сандық және сапалық мониторингін жүргізу, су бассейндерін басқару жоспарларын дайындау, заңдық және экономикалық реттеу және ынталандыру жоспарлануда. Су ресурстары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше мән беріледі.