Президент • 29 Сәуір, 2019

Күршад Зорлу: Нұрсұлтан Назарбаев - бүгіннің Білге Қағаны

1174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркияның Анкара қаласынан келген сарапшы Күршад Зорлу Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында айтты.

Күршад Зорлу: Нұрсұлтан Назарбаев - бүгіннің Білге Қағаны

«Анадолы Түркиядан атажұртқа жүрекжарды сәлемін ала келдім. Қазіргі уақытта Түркияда 30 мыңдай  қазақ бар. Бірақ, менің ойымша, 30 мың емес, Түркияда 80 млн қазақ бар. Олардың жүрегі сіздермен бірге мәңгі соғады» деді Күршад Зорлу.

 Мен қазақ елі туралы ең алғашқы зерттеу мақаламды 1999 жылы жаздым. Саясаттанушы ғалым ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбектерін 20 жылдан бері зерттеп келемін. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы тек қазақ халқы үшін емес, түрік халқы үшін де болашаққа жол көрсететін айқын бағдарлама деп айтар едім. ТҮРКСОЙ мен ТүркПА сында түркі әлемі үшін маңызды ұйымдарды құруға қосқан үлесіңіз бүгінгі күні жақсы нәтижесін көрсетіп, күллі түркі әлемі үшін пайдасын әкеліп жатыр», деді ол.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы 2 жыл бұрын әлеуметтік желі қолданушылары арасында сауалнама жүргізілді. Қатысқандар бірауыздан Сізді  түркі әлемінің ең көрнекті және танымал тұлғасы деп таныды. Халықаралық саясаттағы биік беделіңіз үшін түрік жұрты сізді түркі әлемінің беделді көшбасшысы деп ерекше құрметтейді, сізді бүгіннің Білге Қағаны деп біледі», деді Куршад Зорлу.