Экономика • 29 Сәуір, 2019

Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге 10,4 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр

997 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге 2019 жылғы 29 сәуірі мен 1 қараша аралығында өтініштер қабылдауға кірісті.

Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге 10,4 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр

Биыл экспорттаушылардың шығындарын өтеуге 10,4 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылып отыр.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне тауарларды көтермелеу үшін шығындардың бір бөлігін өтеу мынадай түрлерде жүзеге асырылады:   

1) шетелде жарнамалық тауарларға байланысты шығындар;    

2) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу құны;    

3) шетел тілдеріне аудару және шетелге тарату үшін мамандандырылған каталогты жариялауға байланысты шығындар;    

4) шетелдегі өкілдікті, бөлімшені және қойманы сақтау құнын;    

5) шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары;    

6) тауарларды шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалған шығындар;    

7) тауарларды теміржол және (немесе) автомобиль жолымен (Қазақстан Республикасы шегінде) жеткізумен байланысты шығындар.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санатына қарай негізделген және құжатпен расталған шығындар мынадай тәртіппен өтеледі:    

1) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – өтеуге ұсынылған соманың 30% мөлшерінде;    

2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне – өтеуге ұсынылған соманың 50% мөлшерінде;    

3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – өтеуге ұсынылған соманың 60% мөлшерінде. Бұл ретте өтеудің ең жоғары мөлшері бизнестің мөлшеріне қарамастан 13 000 (он үш мың) АЕК немесе 32,8 млн. теңгеден аспауы тиіс. Тасымалдау құнының бір бөлігін өтеудің ең көп сомасы ағымдағы жылға бөлінген қаражаттың 1/50 немесе бір кәсіпорын үшін 200 млн. теңгеден аспайды. Автокөлікпен жүк тасымалдау лимиті 1 шақырымға 300 теңгеден аспайды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген «Отандық өңделген тауарларды ілгерілету мақсатында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.