Бұл жобалардың барлығы Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Аталған бағдарлама экономикалық тұрақтылықты дамытуға және денсаулық сақтау және білім беру салаларына, спорт пен мәдениетті дамытуға, мәдени мұраны сақтауға үлес қосу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету арқылы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған.
Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған жобалар Консорциумның корпоративтік және әлеуметтік міндеттемелері жүйесінің басты бөлігі болып табылады.
-2018 жылы жүзеге асырылған жобалар облыстың балаларды тәрбиелеумен және оларға білім берумен айналысатын мекемелеріне көмек пен қолдау көрсету арқылы жергілікті халықтың, атап айтқанда өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталғаны ерекше қуантады. Осындай жобалардың арқасында біздің Консорциум Атырау облысын дамыту ісіне өзінің кезекті үлесін қосатынына сенемін. NCOC өз қызметін жүргізетін өңірлердегі жергілікті халыққа қолдау көрсетуге қатысты міндеттемелерін орындауды әрмен қарай да жалғастыруға ниетті екенін атап өтсем деймін. Бүгін тапсырылып отырған жобалар осы сөздерімнің дәлелі болып табылады, деді жобалардың тұсаукесері кезінде NCOC компаниясының сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Жағыпар Егізбаев.
2018 жылы барлығы 30 демеушілік және қайырымдылық жобасы жүзеге асырылған еді, соның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханаларына медициналық жабдықтардың сатып алынғанын ерекше айтып өтуге болады. Аталған мекемелер үшін Clinitron күйікке қарсы соңғы үлгідегі кереуетіне арналған қосымша жабдықтар, электр хирургиялық генератор, кереует жанына қойылатын мониторлар, Түпқараған аудандық орталық ауруханасы үшін реанимобиль және көптеген өзге де құрылғылар сатып алынды. Соның арқасында Маңғыстау облысының жүздеген тұрғындары уақтылы және нәтижелі ем алу мүмкіндігіне ие болды.
Презентация барысында NCOC компаниясының өкілдері атап өткендей, Компания мен оның қызметкерлері демеушілік көмек көрсету, қайырымдылықпен айналысу, ерікті түрде түрлі істер атқару және мерекелік шараларға қатысу арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға белсене үлес қосуда. 2018 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарында демеушілік және қайырымдылық бағытында жалпы құны шамамен 1,9 млн АҚШ доллары болатын 64 жоба жүзеге асырылды. 1998 – 2018 жылдар аралығында осы мақсатта барлығы 19 млн АҚШ доллары жұмсалды.
Осы жұмыстар мемлекеттік деңгейде бағаланды. NCOC республикалық «Парыз» жыл сайынғы конкурсында «Жылдың үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорны» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды. Бұл марапат әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар мен демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуының айғағы десе де болады.
Бұл ретте 2018 жылы NCOC компаниясының 2013-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылған демеушілік және қайрымдылық жобаларына мониторинг өткізгенін айтып өткен жөн. Мониторингінің басты мақсаты – жобалардың жергілікті жұртшылыққа әсерін бағалау және олардың тиімділік дәрежесін анықтау. Мониторинг Атырау облысындағы 66 жоба және Маңғыстау облысындағы 73 жоба бойынша жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша екі өңірдегі бенефициарлардың 97 пайызы компания көрсеткен көмектің өз жұмыстарының жақсаруына елеулі үлес қосқанын мәлімдеді.