Аймақтар • 30 Сәуір, 2019

Шымкентте 12,6 мың га алқапқа егін егілді

883 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ауыл шаруашыаығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Шымкентте 12,6 мың га алқапқа егін егілді

Басқарма басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 841 млн теңгені құрап отыр.

– 2019 жылға бекітілген егіс құрылымына сәйкес, 24,1 мың га егіс егу жоспарланып, бүгінде нақты егілген егіс көлемі 12,6 мың га алқапқа жетті. Оның ішінде негізгі дақылдар: масақты дәнді дақылдар - 4,9 мың га, майлы дақылдар - 2,4 мың га және т.б. Бүгінде жалпы сомасы 25,1 млрд теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 12,8 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығындағы 23 жоба бар, - деді басқарма басшысы Асқар Сәкенұлы.

Жалпы, жыл басынан бері қалада «Шарипов ЖК» жылыжай шаруашылығы іске қосылған. Инвестицияның жалпы сомасы  - 600 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50