Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Жалпытүркілік білім кеңістігіне қызмет ететін тың ұсыныстар талқыланды

1024 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркі әлемінің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі жағдайына талдау жасағанда, дүниежүзілік білім беру кеңістігінде тиімді бәсекелесу үшін әрі мемлекеттік, әрі Түркі кеңесіне мүше университеттер деңгейінде оқу орындары мүмкіндіктерінің және бастапқы позицияларының біркелкі еместігі байқалған. Осыған байланысты халықаралық рейтингтік агенттіктердің стандарттарына сәйкес университеттердің қызметін жетілдіру мақсатында өзара көмектесу және ынтымақтастықты дамыту жолдарын іздестіру қажет. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жалпытүркілік аккредитациялау агенттігін құру да маңызды мәселе.

Жалпытүркілік білім кеңістігіне қызмет ететін тың ұсыныстар талқыланды

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қа­зақ-түрік университетінде өткен Түркі кеңесі Түркі универ­ситеттері одағының IV Бас ассамблеясында білім сапасын жақ­­­­­­сар­та түсу мақсатындағы осын­­дай ұтымды ұсыныстар мен пі­­кір­лер ортаға салынды. Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Мажарстан сияқты 15-тен астам мемлекеттен ректорлар, дипломаттар, халықаралық ұйым­дардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, қоғам және мә­дениет қайраткерлері, студенттер қатысқан басқосуда сон­дай-ақ, Түркі кеңесі Түр­кі университеттері одағы шеңбе­рінде жалпытүркілік білім және ғылымның бірыңғай желілік кеңістігін қалыптастыру, «Руха­ни жаңғыру», «Ұлы дала­ның жеті қыры» сияқты рухани құн­ды­лықтарға негізделген бі­лім беру бағдарламаларының үй­лесімділігін қамтамасыз ету мәсе­лелері, «Түр­­­­кістан процесі» деп аталатын жо­ғары білім туралы дип­ломдарды өзара та­нудың оң­­тайландырылған тетіктерін ен­­гізу туралы иннова­циялық жо­ба талқыланды. Со­нымен қа­тар «Орхун» студент алмасу бағдар­ламасын әрі қарай дамыту және оны сынамалы жоба дә­режесінен то­лық ауқымды сту­дент алмасу бағдарламасына ай­­­­­­­налдыру бойынша жаңа ұсы­­ныс­тар айтылды. Жиында Түркі кеңесінің Бас хатшысы Б.Әмреев талқыланған және ұсы­­нылған бастамалар мүше мем­лекеттер­ мен барлық түркі ха­лықтары үшін оң нәтижелер бе­ретініне сенімді екенін айтып өтті. Ал ха­­лық­ара­лық «Elsevier» ком­­па­ния­сы­ның Орталық Азия және Әзер­бай­жандағы аймақтық бас­шысы А.Оспанова және Түркия Рес­­­пуб­­ликасы бойынша өкілі А.Са­ра­жоғлы оқу және ғылыми жұ­мыс­­тардың сапасын жақсарту, Түр­кі әлемі университеттерінің рейтинг дәрежесін көтеру және жоғары оқу орындары әлеуетін арт­тыруға бағытталған қажетті қыз­меттерді көрсетуге компания дайын екенін мәлім етті. «Білім беру қызметтерінің сапа жүйесін жақ­сарту мақсатында, келешекте дүниежүзілік трендтерге сәйкес оқу үдерістерін стандарттауға ке­­пілдік бола алатын, жоғары оқу орындарымыздың беделінің күшеюіне септігін тигізетін жал­пы­түркілік білім кеңістігіне қыз­мет ететін тәуелсіз аккредит­теу агенттігін құру керек деп есеп­­­­тей­мін», деді Қожа Ахмет Яса­уи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Б.Әбдірасылов. Ректордың аккредиттеу агенттігін құру ұсы­нысы мәжіліске қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Сондай-ақ IV Бас ассам­блея мәжілісінде Түркия­ның Капа­докия, Нигде Өмер Халис­де­мир, Гази университеттерінің, Әзер­байжан мемлекеттiк эконо­мика университетінiң және Вен­грияның Сегде университе­тінің Түркi университеттер одағына мү­шелігі ресми түрде бекітілді. Айта кетелік, аталған одақтың негізі Түркі кеңесі іс-шаралары аясында 2013 жылы қаланған болатын. Қазіргі таңда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның жалпы саны 19 жо­ғары оқу орны одақтың мү­шесі. Ал Қожа Ахмет Ясауи атын­да­­ғы халықаралық қазақ-тү­рік университеті биыл Түркі уни­вер­­­ситеттері одағының кезең төрағасы болып табылады.

Өңірдің дамуы мен жас­тар сая­сатын дамыту барысын­да тәжірибе алмасу, облыстың ту­ристік әлеуетін арттыруға қо­сым­­ша серпін беру, түркітіл­дес ұлт­­тар арасындағы бауырлас­тық байланыстар мен достық қа­­рым-қатынасты дамыту мақ­са­тында өткен Түркі кеңесі жас көшбасшыларының ІІ форумы да ІV Бас ассамблеясы ая­сын­­дағы игі шаралардың бірі бол­ды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мен Түркістан облысы әкім­­дігі ұйымдастырған фо­­­­­рум­­­ның ашылу салтанатында Ақ­парат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы М.Қожахмет, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Отарбаев, TUGVA Түркия Рес­­публикасы Жастар қорының пре­зиденті Э.Эминоглу, Ислам ынтымақтастығы Жастар фо­­­­­­­румы­ның президенті Т.Айхан қа­тысушыларға сәттілік тіледі. Форум аясында жастардың кешкі еркін тақырыпта кездесулері, «Opentalks» форматындағы сек­циялық жұмыстары, қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсиясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Түркістанға оралу» түркі халықтарының этно-­өнер фестивалі тұңғыш рет ұйым­дас­­­тырылып, этнофольклорлық ансам­бльдер мен дәстүрлі орын­­­даушылар өнер көрсетті. Ба­уыр­лас елдің басын қосқан ауқымд­ы шараға жиналғандар түр­кі халық­тарының қолданбалы өнер көрме­сін тамашалады.

 

Түркістан облысы