Спорт • 30 Сәуір, 2019

Асан Базаев: Қазақстан командасы Олимпиаданың бір жолдамасын жеңіп алды

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуір айында олимпиадалық спорт түрлерінен бірнеше Азия чемпионаты өтті. Оның ішінде, Ташкентте жалауы желбіреген велоспорттан құрлық додасы да бар. Аталған жарыс Қазақстан командасы үшін өте сәтті аяқталды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Асан Базаев Олимпиада қарсаңындағы турнирдің маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Асан Базаев: Қазақстан командасы Олимпиаданың бір жолдамасын жеңіп алды

«Азия чемпионатында жігіттер жарады. Қоржынымызда алты алтын медаль бар. Жалпы есепте бірінші орын иеледік. Кәсіби спортшыларымыз мүмкін болған үш алтынның барлығын иеленсе, 23 жасқа дейінгі жастар бір алтын, күміс және қола иеленді. Бұл керемет нәтиже, өз ойлағынымызды толығымен жүзеге асырдық», - дейді бас бапкер. 

«Біз үшін әрбір жарыстың орны бір бөлек. Біріншіден, құрлық чемпионатында 555 рейтингілік ұпай жинадық. Екіншіден, Азия чемпионаты лицензиялық турнирлер санатында екенін ұмытпау керек. Біз бір жолдама иеленіп үлгердік. Қазан айында ұпайлар толығымен есептеледі, сол кезде қанша жолдама алғанымыз анық болмақ. Сондай-ақ, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына біздің елден кім баратынын анықтаймыз», - дейді Базаев.