Қоғам • 30 Сәуір, 2019

Өзге­нің де жаны қазақтың жанындай дарқан болса екен - А.Осман

1036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда орныққан тыныштықты нығай­туда Ассамблеяның қызметі зор екенін атап көр­сету керек. Алайда Қазақстанда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуы, осы бағыттағы игі істер­дің барлығы топырақтың, елдің иесі, бәрімізді бауы­рына басқан, тумысынан таза, қиянаттан шет қазағымыздың арқасы екенін айтпай кетуге болмас. Елдегі игіліктердің негізгі ұйытқысы бол­ған қазақ халқының, сол халықтың арасынан шыққан, кемел де парасатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының жақсылығын естен шығармауымыз керек.

Өзге­нің де жаны қазақтың жанындай дарқан болса екен - А.Осман

Елбасының ерен еңбегін, этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан зор үлесін үнемі тілге тиек еткеніміз жөн болар деп ойлаймын. Елім, жұртым аман болсын. Тәңір берген бағынан айырмасын. Ат­тары бәйгелі, өздері әйгілі болсын деп, еліме тыныш­тық, достық, бірлік, ынтымақ тілеймін. Өзге­нің де жаны қазақтың жанындай дарқан болса екен. Дарқандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған қазағым аман болсын!


Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері