31 Қаңтар, 2013

Ақтауда – күз…

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда – күз…

Бейсенбі, 31 қаңтар 2013 7:29

Табиғаттың шеберлігіне шүбә жоқ. Еліміздің солтүстік, оңтүстік бөліктері қақаған қыс құрсауында қалып, дауылмен жағаласып, енді бірі еріген қар суын қонышынан кешіп жүргенде… Ақтау сылбыр жауыннан желек жамылғандай болып  тұр.

 

Бейсенбі, 31 қаңтар 2013 7:29

Табиғаттың шеберлігіне шүбә жоқ. Еліміздің солтүстік, оңтүстік бөліктері қақаған қыс құрсауында қалып, дауылмен жағаласып, енді бірі еріген қар суын қонышынан кешіп жүргенде… Ақтау сылбыр жауыннан желек жамылғандай болып  тұр.

«Қылышын сүйретіп» қыс келгелі қашан?.. Жаңа жылды қарсыз қарсы алған ақтаулықтар биыл ақ ұлпаны  бір-ақ рет көрді. Бірақ о да көп байырқаған жоқ, бір-екі күннен соң суға айналып, сай-саланы қуалап аға жөнелді.

Қыстың келгенін тек көк теңіз бетінде қалқи жүзіп, көңілі әлде­неге қобалжығандай немесе қар жаумағанға қоңылтақсы­ған­дай жа­­ғаға жақындауы сирек аппақ аққуларға қарап мойын­дайсың. Ара-тұра бет шымшыр аяз болса, қымтанып алатын ақ­таулықтар жеңіл киіммен-ақ қыс­ты өткеруде.

Әйтсе де, әр нәрсенің өз уа­қыты бар. Мезгілінде қар жау­ғанға не жетсін?  Басқаны айт­пағанда, аязы қатты Ақтөбемен шектесетін Бейнеу бетінің ауа райы ақтаулықтар үшін таң. Жасыратыны жоқ, қарым-қатынас­қа, шаруашылыққа қиын екенді­гін біле тұра, кейде ақ түтек ішінде арпалысқан солтүстіктегі ағайындарға қызыға қарайтыны­мыз да бар. Тіпті, осы бағыты­мен кете берсе, жер аяғы босап, көктем келген соң, шөп шықпай, жер жұтаң бола ма деп уайымдайтындар да жоқ емес.

Ақ қарың қайда, қыс? Қарға малынған көркіңді қашан көре­міз, Ақтау?

…Көшеде қиыршықталған ұсақ қар қиқалап жауып тұр. Тынысты кеңейтіп, айналаны тазартар ақ қардың бастамасы ма, әл­де жерге түсісімен еріп жоғалып, аяз тұрса аяқ алып жүруді мұңға айналдырып көк тайғаққа айналатын алдамшы қар ма, біл­мей­міз…

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

АҚТАУ.