Спорт • 30 Сәуір, 2019

Шаңғы жарысынан жаңа маусымда бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды

1063 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаңғы жарысынан 2019-2020 жылғы маусымда бақ сынайтын Қазақстан командасының тізімі бекітілді. Команда құрамына 15 спортшы енген. Бұл туралы Қазақстан шаңғы жарысы ұлттық федерациясы хабарлады.

Шаңғы жарысынан жаңа маусымда бақ сынайтын Қазақстан құрамасы жасақталды

Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько бас команда қатарында жоқ. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полторанин, спорт шебері Ангелина Шурыга мен Марина Матросова, Ирина Быкова мен Анжелика Тарасова және халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Коломина ұлттық құрамаға қабылданған жоқ. 

«Жаңа маусымда командадан 6 спортшы кетті. Николай Чеботько спорттағы мансабын аяқтаса, Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының шешімімен жарыстардан уақытша шеттетілді. Бала күтіміне байланысты демалыста отырған Ольга Мандрика қатарға қосылды. Ал қалған қыздарымыз өткен маусында алға қойылған мақсатты орындай алмады. Сондықтан, көп шығындалмауды жөн деп тауып, команда құрамын қысқарттық», - дейді шаңғы жарысы түрлерінен ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров. 

Алдағы маусымда сынға түсетін шаңғышылар:

1. Олжас Климин 

2. Виталий Пухкало 

3. Денис Волотка

4. Евгений Величко

5. Константин Борцов

6. Наиль Башмаков 

7. Асет Дюсенов 

8. Иван Люфт 

9. Даулет Рахимбаев 

10.Валерия Тюленева 

11. Анна Шевченко 

12. Дарья Ряжко 

13. Эльмира Мутагарова 

14. Ольга Мандрика 

15. Ксения Шалыгина