Саясат • 30 Сәуір, 2019

Дариға Назарбаева Мария Пейчинович-Буричпен кездесті

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Хорватия Премьер-министрінің орынбасары-сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Дариға Назарбаева Мария Пейчинович-Буричпен кездесті

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева М.Пейчинович-Буричтің Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен екі жақты қарым-қатынастың жаңа парағы ашылатынына сенім білдірді. «Біз Хорватияны Қазақстанның Балқандағы маңызды әрі келешегі зор серіктес ретінде қарастырамыз және барлық салалар мен барлық деңгейлерде өзара іс-қимылды дамытуға мүдделіміз», деді ол.

Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегін талқылады. Сенат басшысы хорват депутаттарын Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Парламент делегацияларының сапарлары біздің саяси үнқатысуымызды кеңейтумен қатар, өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Жоғарғы палата басшысы ынтымақтастықтың ауыл шаруашылығы, туризм, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау секілді болашағы зор бағыттарын атап өте келіп, «Хорватияның озық технологиялар мен сервистік секторлармен қоса ауыл шаруашылығы тәжірибесі бізді ерекше қызықтырады», деді. Сондай-ақ Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған протездер жасау жөніндегі бірлескен кәсіпорындар санын ұлғайту қажеттігі атап өтілді. Сенат Төрағасының тағы бір ұсынысы – Қазақстан азаматтарына Хорватияға визасыз бару мәселесін пысықтау болды.

Хорватия сыртқы саясат мекемесінің басшысы Нұр-Сұлтан қаласында өз елінің елшілігінің ашылғаны туралы хабардар етті. Ол Елбасының 2000-шы жылдардың басында Хорватияға сапары туралы жылы шырайлы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан-Хорват қатынастарын дамытуға және Қазақстанды өркендету және тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.