Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Үшайлық абаттандыру акциясы жарияланды

1194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде үш айлық санитарлық-абаттандыру акциясы жарияланып, алғашқы сенбілікке өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Үшайлық абаттандыру акциясы жарияланды

Шара барысында ағаш көшеттері  отырғызылып, саябақтар, көшелер  тазаланды. 2500 тонна қоқыс шығарылып,  500 түп жасыл желек отырғызылды.

«3 айлық санитарлық-абаттандыру акциясы аясында облыс орталығымен қатар шалғайдағы елді-мекендер де қамтылады. Тұрғындар демалатын орындар, балалар алаңдары мен аулалар тазалығына, абаттандыруға басты назар аударылады», дейді Құмар Іргебайұлы.

Биыл Петропавл қаласында 800 түлек орта мектепті аяқтайды. Жаңа өмірге қадам басқан түлектер осынша  жас шыбықтарды егуге бір кісідей қатысуға шақырды. Олардың бұл бастамасын ардагерлер кеңесі, басқа да қоғамдық ұйымдар қолдап отыр.

«Жас Отан» жастар қанаты СҚОФ-ның жетекшісі Абылйхан Қайроллаевтың айтуынша, үшайлық сенбіліктер қорытындысында  600 мекемеден 12 мың адам атсалысып, 110 мың шаршы метр аумақтан 20 мың тонна қоқыс шығару, 9000 түп  ағаш отырғызу  жоспарланып отыр.


Солтүстік Қазақстан облысы