Спорт • 01 Мамыр, 2019

Гүлісхан Нахбаева ‒ жеті дүркін жеңімпаз!

1218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Гүлісхан Нахбаева ‒ жеті дүркін жеңімпаз!

Еліміздің әр өңірінен үздік 10 шахмат­шы бақ сынаған сайыста Гүлісхан Нахбаева қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Осы жеңісінен кейін Г.Нахбаева Қазақ­стан­ның жеті дүркін жеңімпазы атанып отыр. Күміс жүлде Гүлмира Дәулетоваға бұйырса, үздік үштіктен Мәдина Дәулетбаева көрінді.

Сонымен қатар чемпион Г.Нахбаева ақшалай 600 000 теңгеден бөлек, аймақтық және Азия чемпионатында өнер көрсетуге жолдама алды.

Ал ерлер арасындағы сайыс 1 мамырда мәресіне жетеді.


Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»