Қазақстан • 01 Мамыр, 2019

Президенттік сайлауды 3000 заңгер байқайды

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде маусым айына белгіленген президенттік сайлауды барлық аймақта 3000-ға жуық заңгер байқап отырмақ.

Президенттік сайлауды 3000 заңгер байқайды

Бұл жауапты міндетті «Заңгерлер – әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі атқарады.

– Біз сайлау үдерісі жайлы түсініктер берумен қатар, бұл тұр­ғы­дағы заңсыз әрекеттерге шағымдану тәртібі бойынша ақыл-кеңес беріп отырамыз. Республикалық ұйымға бүгінде үш мыңдай заңгер мүше, – деді журналистермен кездесуде Қа­зақ­стан Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай.

Оның айтуынша, қоғамдық бірлестік мүшелерінен кез келген адам кеңес сұрап, жүгіне алады. Мұн­дай мүмкіндік президенттіктен үміт­керлерге де берілген.

Ал заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев президенттіктен үміткерлердің әркелкілігіне тоқ­тал­ды.

– Біз кандидаттардың әркел­кі­лігіне көз жеткізіп отырмыз. Олардың арасында әйел адам да бар. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының сай­­лауға объективті қарауының және әділетсіздікке жол бермеуінің бел­­гісі. Іс жақсы басталды – біз ешқан­дай заң бұзушылықтарды көріп отыр­ғанымыз жоқ, – деді М.Сәр­сем­баев.

Атап өтерлігі, «Заңгерлер – әділ сайлау үшін» республикалық қо­ғамдық бірлестігі сайлау бары­сындағы заңсыз әрекеттерге мониторинг жасау мақсатында арнайы құрылған.