Осыған орай аталған кәсіпорын бизнес-класты тұрғын үй кешені құрлысының таныстырылымын өткізді. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы Бәйтереков көшесінің бойында орналасқан тұрғын үй кешені 51 мың шаршы метрді құрап, онда барлығы 349 пәтер салынбақ. Жоба бойынша үйдің 7 блогы мен екі деңгейлі жерасты паркингі болмақ.
«Бүгін қаламызда ерекше оқиға. Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. BI Group компаниясына алғыс білдіремін. Аталған компания қалада бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып келеді. Оның бірі - келесі жылы салтанатты түрде ашылатын Конгресс холл. Қала тұрғындарына жайлы баспана салу ісін қолға алып отыр», деді шаһар басшысы.
Компания жауаптыларының айтуынша бизнес-класты тұрғын үй кешеніне жұмсалатын құрылыс материалдары да заман талабын сай таңдалады. Мәселен, 12-16 қабатты ғимараттардың құрылысына травертин мен гранит секілді табиғи материалдар пайдаланылады. Ол жасыл аулалар мен кешен ішінде үйлесімді орта қалыптастырады.
Шымкент