Президент • 01 Мамыр, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңесіне барды

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы БҰҰ-ның жаңа кеңесіне барды

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 17 аймақтық бөлімшесі орналасқан кеңсесінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Президент халықаралық ұйым кеңсесінің ашылуы ел үшін ерекше маңызға ие - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келуін жақсылыққа балады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан БҰҰ қағидаттарын толықтай ұстанатынын және халықаралық қауымдастықпен қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау мақсатындағы өзара іс-қимылдарын белсенді түрде жалғастыра беретінін айтты.   

– Бұл тамаша ғимарат Біріккен Ұлттар Ұйымының мүдделері үшін қызмет ететін болады. БҰҰ – барлық ел үшін ортақ үй. Біздің ынтымақтастығымыздың арта түсетініне сенімдімін. Әлем қауіпсіздігі жолында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметін қолдай береміз, – деді Мемлекет басшысы.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстан Президентіне алғыс айтып, бұл әсем ғимарат Алматы қаласының сыйы екенін атап өтті. Дипломат жаңа кеңсе Қазақстан мен БҰҰ-ның жақын достығы мен ынтымақтастығының белгісі болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымның жұмысшыларымен әңгімелесіп, кітапхананың және БҰҰ аймақтық бөлімшелер өкілдіктерінің жұмысымен танысты.