Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

Қарағандылық көпбалалы отбасылар 1 мамыр мерекесінде баспаналы болды

950 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кеңінен аталып өтті. Бұл күні орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік концерт ұйымдастырылып, этномәдени орталықтардың көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарына айқара есік ашты.

Қарағандылық көпбалалы отбасылар 1 мамыр мерекесінде баспаналы болды

Мереке барысында бірнеше көпбалалы отбасылар айтып-жеткізгісіз қуанышқа бөленді. Бұл күні олар жаңа баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлады.

Саябаққа жиылған халайықты мерекемен құттықтағаннан кейін облыс әкімі Ерлан Қошанов  көпбалалы 10 отбасына «Үш жапырақ» тұрғын үй кешенінде орын тепкен жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. 

Жалпы, облыс бойынша, атап айтқанда Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск, Приозерск, Қаражал қалаларында, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарында бұл күні 27 отбасы баспаналы болды.

– Бұл ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Осындай күні бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп біздің халқымыздың еліміздің ең басты байлығы екені ерекше сезіледі. Елбасының арқасында елімізде ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалыптасты. Біздің күшімізосында, –деді облыс басшысы.

Облыс әкімі, сонымен қатар, мамыр айының соңына дейін 130-дан астам көпбалалы отбасының баспанаға ие болатынын мәлім етті. Ал жыл соңына дейін облыста 560 көпбалалы отбасын баспанамен қамту жоспарда бар.

Баспаналы болып, қуанышы қойнына сыймаған көпбалалы ана Айгүл Әбішева атқарушы билікке деген өзінің алғысын зор тебіреніспен айтты. 

– Мен өте қуаныштымын. Осы күнді 19 жыл күттік, міне бүгін, осындай жарқын мерекеде облыс әкімінің қолынан пәтер кілттерін алып отырмыз. Менің алты балам бар, бүгінгі күнге дейін пәтер жалдап тұрдық, біраз қиналдық. Бірақ енді бізде бәрі жақсы болады. Осындай сыйлық үшін барлығыңызға рақмет!Бұл күн –біздің отбасыүшінестен кетпесерекше күн болып қалады,– дедіол.

1 мамыр күнгі мереке облыстың қалалары мен аудан орталықтарында, барлық елді мекендерінде кеңінен аталып өтті. Бұл күні саябақтар мен алаңдарда театрландырылған қойылымдар мен концерттер және облысты мекен еткен түрлі ұлттардың дәстүрлі тағамдарының байқауы ұйымдастырылды.

 

Қарағанды облысы