Президент • 01 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысын қабылдады

1010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен еліміздің теміржол саласының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Басқарма төрағасы Қазақстан Президентіне компанияның 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін, осы жылға жоспарлары мен салалық Жол картасының жүзеге асырылудағы негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол тасымалын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты. Президент қазіргі басты мақсат ретінде темір жолдарды одан әрі модернизациялау, еліміздің көлік-логистика және транзиттік әлеуетін арттыру екенін атады.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырмалар берді.