Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Петропавл тұрғыны көне қару олжасына кезікті

1460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының бір тұрғыны жер телімін өңдеп жүріп екі аңшы мылтығы мен тапанша салынған қап тауып алған.

Петропавл тұрғыны  көне қару олжасына кезікті

Полиция департаментінің баспасөз орталығы таратқан  мәлімет бойынша  олжа ішінен екі ұңғылы  қосауыз мылтық пен наган тапаншасы  шыққан.  Сөз арасында  «алтыатар» ретінде ел-жұртқа мәшhүр револьвер  1930 жылдары қолданысқа беріліп, ұзақ уақыт бойында  кеңес милиционерлері пайдаланғанын айта кеткен жөн. Қаруларды өткізген адамға  130 мың  теңге көлемінде сыйақы берілуі мүмкін.

Бүгінге дейін барлығы 80 қару тапсырылып, 4,5 миллион теңге мөлшерінде есеп айырысқан. Солтүстікқазақстандықтар тапсырған қарулардың басым бөлігі– тегіс ұңғылы, иір ойықты.

«Акцияның мақсаты - бұрын қару-жарағы бар және оны осы уақытқа дейін сақтап келген адамдар өз еркімен өткізсе, жауапкершілікке тартылмайды. Ең бастысы, қандай да бір қылмысқа қатысы болмауы, қылмыстық мақсатта қолданылмауы керек», дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспанов.