Аталған тұрғын үй мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылы салынды. Мердігер «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Бәйтерек» ауданындағы бұл көпқабатты тұрғын үй әлеуметтік жағынан қорғалатын топтардың азаматтарына жекешелендіру құқығынсыз беріліп отыр. Сонымен қатар, арендалық айлық төлем көрсеткіші 5500-6000 теңге көлемінде есептелген. Пәтер алушылар қатарында 12 жетім бала, әлеуметтік жағынан қорғалатын 31 адам, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлерінен 17 адам бар. Тұрғын үйдің көлемі 3 бөлмелі 71, 2 бөлмелі 58, 1 бөлмелі пәтерлер 40 шаршы метрді құрайды. Жалпы пәтерлердің құны 8-11 миллион теңге көлемінде. Пайдалануға берілген 60 пәтерлік үй ішінде 3 бөлмелі 30, 2 бөлмелі 15, ал 1 бөлмелі 15 пәтер бар.
Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген әлеуметтік осал топтарға Тараз қаласындағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында орналасқан 60 пәтерлі арендалық-коммуналдық үйдің кілті берілді. Тұрғындарға баспана кілтін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев пен Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев табыс етті.
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:55
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15