С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде еліміздегі Президенттің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында өткен жиынға оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Суретті түсірген: Руфина Торпищева
Ғалым, профессор Ғани Елмұратов алдағы 9-маусымдағы сайлау бұл зайырлылықтың негізгі белгісі деп атап өтті.
Өйткені, саяси шара-қоғамдағы түрлі сала өкілдерінің, қарапайым жұртшылықтың белсенді көзқарастарын көрсетудің маңызды арнасы іспеттес.
PhD докторы, қауымдастырылған профессор Аслан Азербаевтің ойынша, жалпы, Тұңғыш Президент - Елбасының тұсында туып-өскен бүгінгі жастар сайлауға міндетті түрде қатысып, дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.
- Сайлауға қатысу - бұл маңызды конституциялық құқық болумен қатар, саяси жауапкершілікті талап ететін оқиға, - дейді А. Азербаев.
Жиналған қауым кезектен тыс сайлау халқымыз үшін дұрыс таңдау жасауға мүмкіндіктің бірі деген пікірлерін білдірді.
Ал, сайлау Тұңғыш Президент – Елбасының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік бағдарламаларды ары қарай жалғастыруға, ел ішінде бірлік, тыныштық өмір болуына кепіл болмақ.
Мүфтият Жанат Бақыттың жазбаларына қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Бүгін Карина Ибрагимова финалда бақ сынайды
Спорт • Бүгін, 09:13
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депуттар кім?
Сайлау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар