Матчтағы есепті 11-минутта Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының шабуылшысы Дастин Бойд ашса, екінші кезеңнің 32-минутында Никита Клещенко есепті еселеді. Ал үшінші кезеңнің басында Литва хоккейшілері есепті қысқартуға мүмкіндік алды. Шайба авторы – Арвидас Домейко. Қонақ команда шайба соққан соң тараз басын теңестіру үшін алға ұмтылып, қорғанысты естен шығарды. Кездесудің соңғы минутында Даррен Диц ұрымтал сәтті тиімді пайдаланып, қарсылас құраманы сан соқтырып кетті. Қорытынды есеп – 3:1.