Президент • 03 Мамыр, 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады

1430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.