Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтатылады

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтатылады

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, егер көшедегі ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады.  

«Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қаланың энергетикалық компанияларының үйлесімді жұмысының арқасында жылу беру кезінде елеулі апаттар мен 1-ші дәрежелі істен шығу оқиғалары болған жоқ. Бұл мәселе күн сайын бақылауда тұр. Жылу беру кезеңі 2019 жылдың 4 мамырында аяқталады», – делінген ведомствоның хабарламасында.