Олардың ойынша, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы өзінің жаттықтырушысы Абель Санчеспен арадағы қарым-қатынасты ақшаға бола үзуі әбден мүмкін, деп жазады Sports.kz порталы.
Бапкер Санчес бірнеше жылдан бері басқа да жаттықтырушылар сияқты шәкіртінің тапқан гонорарының 10 пайызын алып келген. Алайда, Головкин DAZN алаңқайымен 100 миллион долларлық ірі келісім шартқа отырғаннан кейін, бапкерінің окладын 2%-ға дейін азайтқан екен-мыс. Мұнымен келіспеген Абель Санчес әлемге GGG лақап атымен белгілі болған боксшымен қош айтысыпты деген ақпарат бар.
Еске салсақ, «Money» деген лақап ат өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған америкалық әйгілі боксшы кіші Флойд Мэйвезерге тиесілі болатын.