Саясат • 06 Мамыр, 2019

Түркиямен бірлескен бағдарлама аясында 32 көпбейінді аурухана салынады - ДCМ

1001 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Үкімет отырысында Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, Түркияда сәтті іске асырылып жатқан МЖӘ инфрақұрылымдық моделін зерделеу нәтижелерімен бөлісті.

Түркиямен бірлескен бағдарлама аясында 32 көпбейінді аурухана салынады - ДCМ

«Түркияның 2010-2023 жылдарға арналған МЖӘ госпитальдық бағдарламасы жалпы қуаты 44 мың орындық 32 көпбейінді аурухана салуды қамтиды. Бағдарлама халықаралық қаржы институттарының қаржылық және консультативтік қолдауымен іске асырылады. Бағдарлама халықаралық қаржы институттарының елеулі қаржылық және консультативтік қолдауымен іске асырылуда. Бағдарлама жетістігінің факторлары:

- Инфрақұрылымдық модель. Объектілерді салу жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, объекті пайдалануға берілгеннен кейін салынған қаражатты мемлекет 25 жыл ішінде қол жетімділік үшін ақы төлеу арқылы қайтарады және жекеше әріптес көрсететін медициналық емес қызметтерге ақы төлейді. Инвесторға валюталық тәуекелден және инфляция тәуекелінен қорғауға кепілдік берілген,сондай-ақ жобалық қуаттың 70% деңгейінде қызметтердің ең аз көлеміне кепілдік берілген.

- МЖӘ бойынша ашық халықаралық тендерлер және халықаралық құқық шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғау;

- Жобалау құжаттамасының аралық сараптамасын болдырмайтын МЖӘ құжаттамасы мен конкурсын әзірлеу кезеңінде қаржыландыру және келісу рәсімдерін тиімді ұйымдастыру» деді министр.

Оның айтуынша, осы МЖӘ бағдарламасы шеңберінде бүгінде:

- 9  объект пайдалануға берілді (қуаты 500-ден 3500 орынға дейін),

- 12 құрылыс жүргізілуде,

- 10 конкурс кезеңінде,

және 1 жоба мақұлдау сатысында екен.

Сонымен қатар түрік тарапы ұсынған талдау мемлекеттік құрылыспен салыстырғанда объектілер мерзімінде құрылатынын, объектілердің сапасы мен жарақтандырылуы заманауи талаптарға сәйкес келетінін, аурухананың барлық процестеріне үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететінін көрсетті. Келісімшарт бойынша ақы төлеу жекеше әріптестің 600 сапалы индикаторын орындау ескеріле отырып, жүзеге асырылады.