Саясат • 06 Мамыр, 2019

ТКШ секторында 21 жоба іске асып жатыр - Роман Скляр

937 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы министр Роман Скляр Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

ТКШ секторында 21 жоба іске асып жатыр - Роман Скляр

«ТКШ секторында 21 жоба іске асырылуда және пысықталуда.Энергия үнемдеу саласындағы жобалар Павлодар, Атырау, Алматы,  Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында іске асырылуда. Жылумен жабдықтау саласында жобалар Алматы, Ақмола  және Шығыс Қазақстан облыстарында іске асырылуда», деді Министр.

Сондай-ақ сумен жабдықтау бойынша 1 жоба Маңғыстау облысында іске асырылуда деп атап өтті министр.

«Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес министрлік осы сектордың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін заңнамалық, қаржылық және басқа да қажетті шаралар кешенін әзірлеуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін кең ауқымда енгізу үшін зор әлеуетке ие. Жылу-сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінде мемлекеттік сектордың үлесі қазіргі уақытта 90% - дан астамды құрайды»,  деді Р. Скляр.