Аймақтар • 06 Мамыр, 2019

Қарағандыда «Отан қорғаушылары» акциясы басталды

1254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында «Отан қорғаушылары» атты патриоттық акция өз жұмысын бастады.

Қарағандыда «Отан қорғаушылары» акциясы басталды

Шара шеңберінде Шахтинск қаласындағы №6505 әскери бөлімінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. «Мен қазақтың сарбазы» концертіне қатысушылар әскери және патриоттық әндерді орындады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттарын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған патриоттық акция барысында әскери-спорттық жарыстар, байқаулар, фестивальдар, кездесулер, флешмобтар, әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу және басқа да түрлі пішімдегі  100-ден астам іс-шаралар қарастырылған.

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше