Құрылыс жұмыстарына «Дайындық-Агро» ЖШС-нің директоры Біржан Шаймерденов 40 миллион теңге қаражат бөлді.
Соңғы жылдары бұл ауыл гүлденіп, көркейіп келеді. Ондаған үйлер, балалар алаңқайы, тауарлы сүт фермасы тұрғызылды. Мектеп, клуб қалпына келтірілді. Енді мұнда салауатты өмір салтын берік ұстанған үлкендермен қатар балғындар да спортпен алаңсыз айналыса алады.
«Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын, өмір сапасын жақсартуды назардан тыс қалдырмайтын Біржан Әбділманұлына алғасымыз шексіз. Ол Жансүгір бабамыздың зиратының басына күмбез салуға да қаржылық көмек берген болатын», дейді Дайындық негізгі мектебінің директоры Талғат Рамазанов.
Мұнда волейбол, баскетбол, футбол, теннис, күрес, тоғызқұмалақ, бес асық секциялары жұмыс істейді. Жаттығу залдарына заманауи құрылғылар қойылған.
Салтанатты ашылудан кейін аудан мектептерінің оқушылары волейболдан жолдастық кездесу өткізді.