Бөрібай Құлманұлы 1920 жылы 6 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Ржевск пен Приволжьені азат етуге қатысып, «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Бүгінде облыста 25 Ұлы Отан соғысының ардагері және 4809 тыл еңбеккері тұрады. Биыл соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге 404,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 202 мың теңге, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталғандарға 126 мың теңге, ҰОС кезінде 6 айдан астам жұмыс істегендерге 75 мың теңгеден көмек берілді.