Нақтырақ айтқанда, өз еркімен жалданғандарға, концлагерлердің тұтқындарына және қоршауда болған Ленинград тұрғындарына 100 мың теңгеден, ал қалған санаттағыларға 20 мың теңгеден төленді. Сонымен қатар, Чернобыль атом электр стансасы апатының салдарын жоюға қатысушылар 100 мың теңгеден алды. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 127 миллион теңге бөлінген болатын.
Еске салсақ, облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 43 ардагері мен мүгедегі және оларға теңестірілген санатқа енетін 5216 адам тұрады.
Қарағанды облысы