Оның ашылуына мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагерлері, Оразалы Ниязбековтың көзін көрген қызметтес шәкірттері мен ұлы Мәлікайдар Ниязбековпен оның балалары, жақындары келіп арнайы қатысты. Алғашқы сөзді ҰҚК Жамбыл облыстық департаменті бастығының орынбасары Т. Қалғаев алып, О.Ниязбеков туралы жылы лебізін білдірді. Шу ауданы әкімі Ж.Айтақов айтулы шараның тәрбиелік мәніне тоқталып, мамыр айындағы барлық мерекелермен құттықтады. Мәлікайдар ақсақал да әкесін ардақтаған әріптестері мен ізбасарларына алғысын айтып, ел қауіпсіздігіне қызмет етіп жүрген сақшыларға батасын берді. Оразалы атамыздың немересі де сөз алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Жиналған жұртшылық естелік суретке түсіп, аталған ғимараттың ауласына тал-дарақтар отырғызды.