Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шереметьево әуежайында жолаушылар ұшағының өртенуі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, бүкіл Ресей халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.