Қазақстан Президенті мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саяси жүйесінің берік негізі ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрқашан айрықша мән бергенін атап өтті.
– Егемендікті, Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы мен ұлттық мүддені қорғау – біздің армиямыздың және Күштік құрылымдардың басты бағдары. Бұл стратегиялық маңызды міндеттерді шешу үшін командирлер корпусына – генералдар мен офицерлерге зор жауапкершілік жүктеледі. Әскер мен құқық қорғау органдарындағы ахуал мен әскери дағдының сапасы сіздердің сауатты басшылықтарыңызға байланысты. Сіздердің барлық күш-жігерлеріңіз, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік қабілетін, құқықтық тәртіп пен конституциялық құрылысты қорғау жөніндегі құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің тиімді жұмысын арттыруға бағытталуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев генералдар мен офицерлерге арнаған сөзінде бұл жоғары шендер мен арнаулы атақтар олардың еңбектерінің лайықты жемісі екенін атап өтті.
– Бұл сіздердің тек кәсіби және жеке сіңірген еңбектеріңіздің еленуі ғана емес, сондай-ақ одан да ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жауапкершіліктің жаңа деңгейін білдіреді. Қуатты әрі өркендеген Қазақстанды құру жолында барлық күш-жігерлеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Рәсім барысында 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені – Ғ.Нұрдәулетовке, М. Ахметжановқа; полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы – А.Шпекбаевқа, Е.Тұрғымбаевқа; генерал-лейтенант әскери атағы – М.Алтынбаевқа; Мемлекеттік күзет генерал-майоры арнаулы атағы – Ә.Жүсіповке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы – Д.Ерғожинге, Т.Әлімжановқа, М.Ирменовке, А.Төлеуовке, Б.Уәлиниязовқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы – Б.Найзабековке; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Қ.Сөнтаевқа; генерал-лейтенант әскери атағы – Ә.Халықовқа, генерал-майор әскери атағы – М.Аймашевке, А.Ашировке, Ф.Бәденовке, А.Жұмағалиевке, Т.Қайырбековке, Т.Мұратбаевқа, А.Мұстабековке; контр-адмирал әскери атағы – С.Бекжановқа; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені – Қ.Жақыпбаевқа, Б.Жүйріктаевқа, М.Сексембаевқа; полиция генерал-майоры арнаулы атағы Қ.Дәлбековке, А.Дүйсембаевқа берілді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар тапсыру барысында салтанатты шараның Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өтуінің де мәні зор екенін айтты. Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен қорғаныс саласының аса маңызды екеніне тоқталды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Жақында ғана өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы – соның айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмірін өрттен, судан арашалап қалған бейбіт күннің батырларының ерліктері туралы да айтты.
– Сіздердің бейбіт күндегі ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Сондықтан бүгін біз мінсіз әскери қызметімен, ерен ерлігімен дараланған азаматтарды марапаттау үшін жиналып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты шарада І дәрежелі «Даңқ» орденімен Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары Әділбек Қалибекұлы Алдабергенов, Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев, Қарулы Күштердің Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Василий Несіпқазыұлы Рысбаев марапатталды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Иманұлына Аймағамбетов, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Сәбит Тұңғышбайұлы Құрманәлиевке тапсырылды.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметі Президент күзеті қызметінің бас инспекторы Виктор Юрьевич Балясников, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Базарұлы Бекбасов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Ринат Төлеуханұлы Қоқымбаев, Қорғаныс министрлігі 48386 әскери бөлімінің командирі Талғат Ақтанұлы Құсайынов, Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Болатұлы Омарбеков, Қорғаныс министрлігі 28738 әскери бөлімінің командирі Жанат Есімұлы Расқұлов, Атырау қаласының Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторы Рүстембек Бисембайұлы Сундутов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары Нұрболат Еркебайұлы Топаев, Қорғаныс министрлігі 03858 әскери бөлімінің командирі Мейрам Ордалыұлы Хамзин марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі «Айбын» Президенттік полкінің аға маман – атқышы Амангелді Мырзабайұлы Құсайыновқа тапсырылды.
«Құрмет» орденімен Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары Радимхан Дубаева марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің сарбазы Медет Серікәліұлы Балабиевке, Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Аянбек Бауыржанұлы Кенжешовке, Қорғаныс министрлігі 35411 әскери бөлімі артиллериялық дивизионының маманы Қуандық Қанатұлы Қанатовқа, Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметі №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Александр Геннадиевич Минаевқа, Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ерлан Маулиұлы Ыбыраевқа тапсырылды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Орталық командалық пункті бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы Орталық командалық пунктінің жедел кезекшісі Владимир Михайлович Абрамов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Жаслан Талғатбекұлы Жанайдаров, Қорғаныс министрлігі 35950 әскери бөлімі штабының аға офицері Асхат Жаңбыршыұлы Мадияров, Қорғаныс министрлігі 55652 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясы авиациялық буынының аға ұшқышы Көбеген Ерсінтайұлы Мырзатаев, Қорғаныс министрлігі 35748 әскери бөлімі танк батальонының командирі Асылбек Натыұлы Онтақов марапатталды.
Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев марапатталушыларға мінсіз қызметі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, отбасыларына береке, жаңа табыстар тіледі.