Жаңа басшыны Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди таныстырып, шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты.
М. Төлебаев 1992 жылы Алматы арнайы орта милиция мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілінен бастап, Қостанай облысы Наурызым ауданының ІІБ бастығының орынбасарына дейінгі еңбек сатыларынан өткен. ІІМ академиясы ішкі істер органдары басшы құрамдарын даярлау факультетін аяқтаған соң Астана қаласы ІІД криминалдық полиция басқармасы бөлімі, криминалдық полиция басқармасы, Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.