Аймақтар • 07 Мамыр, 2019

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

1286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин тағайындалды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Жеке құрамға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.

Ерлан Файзуллин 1973 жылы туған, білімі жоғары. Құқық қорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап орта және жоғары басшылық құрамның әртүрлі жедел қызметтерінде қызмет атқарған.

Басшылық лауазымдағы тәжірибесі мол. Қостанай облыстық ПД Федоров аудандық полиция бөлімінің бастығы, аталған департамент бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.