Әлем • 08 Мамыр, 2019

Ұланбатырда қазақ генералы Мүдәріс Зайсановты еске алды

1184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ұланбатыр қаласында Қазақстан Елшілігі Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоғын қою рәсімін өткізді.

Ұланбатырда қазақ генералы Мүдәріс Зайсановты еске алды

Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның Бас мүфтиі Батырбек Хадыс, Ұлан-Батырдағы «Жерлестер» қазақ ұйымының төрағасы Тілеухан Нәжікейұлы, «МИАТ» әуекомпаниясының ұшқышы, экипаж командирі Әуез Тәштуанұлы және басқа да қоғам белсенділері қатысты. 

Мүдәріс Зайсанов - Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан өңірінде  дүниеге келген. 1925 жылы  Зайсан жақтан Моңғол еліне қоныс аударды.

Содан 1932 жылы Монғол елі атынан Кеңес елінің Орынбордағы  ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдайды. Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының  ең жоғарғы наградаларының бірі - «Қызыл ту» орденімен марапатталады. 1937-1939 жылдары өзі оқыған Орынбордағы ұшқыштар училищесінде ұстаз болып қалып қояды. 1944 жылдың сәуір айында Ұлы Құрылтайдың № 22 жарлығымен оған генерал-мойор шені берілді. Биыл  даңқты қолбасшының туғанына 109 жыл толады.