Аймақтар • 08 Мамыр, 2019

Алтай ауданында «Жас сарбаздар» шеруі өтті

1832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас сарбаздар» жасағы алаңда сап түзеп, шеруге шықты.

Алтай ауданында «Жас сарбаздар» шеруі өтті

Отан қорғаушылар күні мерекесі Алтай ауданында ерекше аталып өтті. «Жас сарбаздар» жасағы алаңда сап түзеп, шеруге шықты. 

«Баршаларыңызды мемлекеттік мереке - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн - ерлік пен отансүйгіштіктің, батырлық пен батылдықтың күні. Біздің еліміздің қарулы күштері қатарында борышын өтеу әрбір қазақстандықтың қастерлі парызына айналды. Патриотизм, ерлік пен Отанды сүю біздің қоғамның басты құндылықтары болып қала береді. Күштік құрылымдар - ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери комиссариат, прокуратура, сот, төтенше жағдай саласының өкілдері қаладағы іс-шараларға белсенді қатысады.  Сіздер біздің қорғанымыз, тірегімізсіздер. Құрметті жас сарбаздар, бүгін Сіздер шеруге қатыса отырып майдангерлерге, тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары құрмет көрсетіңіздер. Біз сіздерге үлкен сенім артамыз. Мереке құтты болсын», - деді өзінің құттықтау сөзінде Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.


Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы