09 Мамыр, 2019

Риддерде 4 метрлік мерекелік торт әзірленді

1525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Риддер қаласында да жоғары деңгейде аталып өтіп жатыр.

Риддерде 4 метрлік мерекелік торт әзірленді

 

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Риддер қаласында да жоғары деңгейде аталып өтіп жатыр. Кеншілер шаһарындағы шаралар легі Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров ескерткішінің алдында патриоттық акциядан басталды. 

Салтанатты шара Даңқ ескерткішінің маңында өтіп, қала әкімі Жомарт Мұратов, қалалық мәслихат хатшысы Игорь Панченко, ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ольга Мартыненко жұртшылықты мерекемен құттықтап, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар риддерліктер жылдағы дәстүр бойынша мерекелік торттан дәм татты. Қаланың кәсіпкерлерінің қолдауымен осымен 5 жыл қатарынан әзірленген торттың салмағы 74 келі, ұзындығы 4 метр, ені 80 см болды.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы мен "Subaru family"  автоклубның бірлесуімен автопробег ұйымдастырылды.

«Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерінің үйіне барып, арнайы құттықтадық. Ұлы Жеңістің 74 жылдығы құтты болсын», - дейді Риддер қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Оралқызы.

РИДДЕР