Мереке күніне орай 72 соғыс ардагерінің әрқайсысына 500 мың теңге сыйақы берілді.

-Өкінішке қарай, соғыс ардагерлерінің қатары азайып келеді. Ал, аталарға құрмет көрсету-парыз деп білеміз, -деді облыс әкімі.
Өңірде көзі тірі қалған 72 соғыс ардагерінің бірі-Успен ауданы Бұласу ауылында тұратын 93 жастағы Михаил Топтун авиациялық әскерде қызмет еткен. Жапон империалистеріне қарсы ұрыстарға қатысқан.
Облыс әкімі Болат Бақауов соғыс ардагерімен әңгімелесіп, 9 мамаыр мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін облыс орталығында ауруханада емделіп жатқан 97 жастағы майдангер Бекболат Хазыровқа келіп, хал-жағдайын біліп, ілтипат жасады.
-Ауруханада барлық жағдай жасалған, медициналық қызметке көңіл толады. Дәрігерлерге рахмет,-деді Бекболат ата. Ақсу қаласында Болат Бақауов соғыс ардагерлері Құдайберген Қапсалямов пен Кирилл Винокуровты мерекемен құттықтады.
Железин ауданы Михайловка ауылында облыс әкімін 95 жастағы Кузьма Чуйкин күтіп алды. Кузьма Иванович Қалмақ даласын, Ростов, Харьков және Донецк облыстарын азат етуге қатысқан екен.
- Колхоздағы ауыр жұмыс ұрыс даласындағы қиындықтарды еңсеруге көмектесті, - дейді майдангер.
Бұдан кейін Екібастұз қаласында тұратын 95 жастағы Октябрина Борисова облыс әкімі бастаған топты өзі күтіп алып, өлеңін оқып берді.
- Аспанымыз ашық болып, жұлдызымыз биік жансын. Мереке күні құтты болып, соғыс болмасын, - дейді Октябрина Илларионовна.
Болат Бақауов Баянауылдың шалғай ауылында тұратын 94 жастағы Бірімжан Мағаз ақсақалды да құттықтап қайтты. Мағаз ата өмір бойы туған жерде еңбек етіп келеді. Қазір майдангер қарт кенже ұлының отбасымен Бәйтеке қыстауында тұрып жатыр. Мереке қарсаңында майдангердің ұрпақтары да жиналыпты.
- 9 мамыр-біздің отбасымыз үшін күнтізбедегі басты күннің бірі. Бәріміз жиналып әкемізді мерекесімен құттықтаймыз, - дейді ардагердің ұлы Баянбек Бірімжанов.
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар