Биыл туғанынына 100 жыл толып отырған Қанаш Қамзин Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылында дүиеге келген. Бұл күндері ауылда Қанаш Қамзин атындағы мектеп бар.

Ақсу қаласында батырға арналған ескерткіш ашылды.
Мектептегі Даңқ музейінде батырдың өміріне, майдандағы жолына арналған тарихи құжаттар, суреттер сақталған.
Құжаттардың және естелік суреттерді туған інісі Шора мен келіні Биғайша тапсырыпты. Музейде Қанаш атамыздың үлкен портреті тұр.
1941 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдағаны туралы аттестаты, студенттік шағындағы ұстаздарымен және достарымен бірге түскен фотолары қойылыпты.
Сонымен бірге, марқұм журналист Төлеубек Қоңырдың «Алыста қалған аға» атты сарғайған газет мақаласы бар. Батырдың әкесі Қамза Сексенбаевтың өз қолымен жасап, баласына беріп кеткен ескі домбырасы сақталған.
1942 жылы соғысқа аттанған Қанаш Қамзин 52-ші атқыштар дивизиясының 429-шы атқыштар полкінің командирі болған.
Молдавияны азат етуде және Днестр өзенінің маңында болған шайқаста ерлік көрсеткені құжаттарда жазылған.
1944 жылдың сәуір айында лейтенант Қамзиннің ротасы Днестр өзенін өтіп барып, Молдавияның Тирасполь ауданына қарасты Гура-Выкулай деревнясы маңындағы шайқаста ерлікпен қаза тауып, сол жерде жерленген.
1944 жылы қыркүйек айында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының өкімімен Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Ал, 1966 жылы Павлодар облыстық атқару комитетінің шешімімен Жолқұдық ауылына Қанаш Қамзин есімі беріледі.
Бірақ, кейін Жолқұдық ауылының атауына қайта оралады.
Ауылдық жерлестері әлі күнге дейін бұл «өзгерістің» себебін түсіне алмайды.
Қазір Жолқұдықтағы Қанаш Қамзин атындағы мектепте батырдың туғанына 100 жыл толуына орай шаралар басталған.
8-ші сынып оқушысы Мирас Медеу батыр атасы туралы ғылыми жоба жазуда.
Сондай-ақ, 2015 жылы Молдавияның Гура-Выкулай деревнясына барған жерлестері батырдың зиратынан алып келген бір уыс топырағы арнайы ыдыста сақтаулы тұр.
Гура-Выкулай деревнясына 1974 жылы інісі Шора Қамзин,одан кейін Қанаш Қамзин атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары барып қайтқан.
Алдыңғы жылы Ақсу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұхан Арын бастаған делегация барып, батырдың басына зиярат жасап келді.
Жерлестері марқұмның аруағына құран бағыштап оқытып, ас берген.
Жолқұдықтан алып барған бір уыс топырақты батырдың бейітіне сеуіп, басына 10 түп алма ағашын отырғызады.
Гура-Выкулай деревнясының бір көшесіне Қанаш Қамзиннің аты беріліп, музей ашылған.
Биыл Гура-Выкулайда Қанаш Қамзиннің ескерткіш ашылып, туыстары, жерлестері арнайы барып қатысады деп жоспарлануда.
Павлодар облысы,
Жолқұдық ауылы
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Үкімет • Бүгін, 08:05
Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең
Үкімет • Бүгін, 08:03
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 08:00
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Экология • Бүгін, 07:52
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар