Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігі бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүкті әйел учаскелік дәрігердің ұйғарымы бойынша кесарь отасын жасату үшін жолға шыққан екен. Алайда, толғақ аяқ астынан келіп, 24 жастағы келіншек өзімен бірге ере шыққан екі дәрігердің көмегінің арқасында сәбиін дүниеге аман-есен әкелді.
Қазіргі уақытта жас босанған ана мен балпанақтай ұл Балқаш қаласындағы орталық ауруханада медициналық тексерістен өтіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп-қатер жоқ.
Осы оқиғадан соң дәрігерлер босанады-ау деген мерзімге шамамен 2-3 апта қалғанда шалғайдағы елді мекеннен қалаға жетіп алу керектігін жергілікті БАҚ арқылы жүкті аналардың есіне тағы бір мәрте салды.