Сайлау • 11 Мамыр, 2019

Nur Otan партиясы үгіт-насихат жұмысын бастады

1507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасының басымдықтары халықпен бірге талқыланады. Бұл туралы Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Nur Otan  партиясы үгіт-насихат  жұмысын  бастады

Бұл ауқымды саяси науқанға Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық, аймақтық және аумақтық деңгейдегі барлық қоғамдық штабтары тас-түйін дайын. Еліміз бойынша Кандидатымыздың 19,5 мың сенімді өкілі ерекше екпінмен жұмыс істеуге бел буып отыр, деді Nur Otan партясының бірінші орынбасары  Мәулен Әшімбаев.

Партия үгіт-насихат жұмыстарын креативті, тиімді, жүйелі түрде жүргізіп, бұл істе әлеуметтік желілердің әлеуетін кеңінен пайдаланатындығы жайында атап өтті.

Соған орай күнделікті жұмыстары туралы ақпараттар Республикалық қоғамдық штабтың Facebook, Instagram, Telegram, YouTube және ВКонтакте желілеріндегі парақшалары мен арналарында жедел жарияланып тұрады. Айта кететіні  www.toqaev2019.kz арнайы сайты да іске қосылды.

Ең бастысы,  партия сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуі үшін барлық шараларды жасайтынын мәлімдеді.