Сайлау • 12 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасын жария етті

6876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды бағдарламасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасын жария етті
Бағдарлама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.   Аталмыш бағдарламада Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.   Бағдарлама Сабақтасқтық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады. Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.