Қазақстан • 12 Мамыр, 2019

Жас патриоттар Қапшағайға жиналды

1413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастырған дәстүрлі жас патриоттар форумы биыл «Ұлы дала жастары рухани жаңғыру жолында» деген атаумен өтті.

Жас патриоттар Қапшағайға жиналды

Осымен үшінші рет бастау алған шара еліміздің 3 аймағында бір мезетте жалауын көтерді. Мамыр айындағы мерекелермен орайлас келген форум Алматы облысындағы «Балдәурен-Қапшағай», Түркістан облысындағы «Балдәурен-Шымкент» және Ақмола облысындағы «Балдәурен» орталықтарында өңірлердің жалынды жастарын жинады. Интерактивті режимде басталған жастар форумы екін бойына танымал адамдармен кездесу, көңілді ойындар мен спорттық шараларға толы болды.

«Балдаурен - Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығында  өткен форумға Алматы қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы мен Жамбыл облысынан келген 320 жас патриот қатысты. Патриоттар арасында «Ұлы даланың ұрпақтары - әрдайым алда» атты топтық жұмыс жүргізілді. Әр топ патриоттық тақырыпты ашып, әртүрлі ойларын ортаға салып ескерткіш фотоға түсті. Ең үздік фотосуреттер инстаграм және фейсбук парақшаларында жарияланды.

Жиналған жастарға Қапшағай қаласының әкімінің орынбасары Сағдат Нұрғазиев,  «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мыса, дзюдодан Азияның күміс жүлдегері Дамир Күзембаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры Арман Жұмаділов, «Арыстан» мамандандырылған лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, полковник Василий Небылица, Абай атындағы ҚазҰПУ кәсіби бағдар орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы шеберлік сағатын өткізіп, тағлымды әңгіме айтса,  әншілер Төреғали Төреәлі Әлихан Байсұлтан және Рамазан Амантай көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жас патриоттар форум барысында Қапшағай қаласымн аралап, осындағы әлеуметтік қорғау орталығының жұмысымен танысты.