Спорт • 13 Мамыр, 2019

Айдын Смағұлов дзюдодан Grand Slam турниріндегі сәтсіздікті түсіндірді

979 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, әлемдік турнирде қазақ балуандары жүлдеге іліккен жоқ. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген бас бапкер Айдын Смағұлов спортшылардың сәтсіз өнер көрсетуінің себебін түсіндірді.

Айдын Смағұлов дзюдодан Grand Slam турниріндегі сәтсіздікті түсіндірді

- Бакудегі әлемдік Grand Slam турниріне біз жас спортшыларды жібердік. Өйткені, бізге қосалқы құрамды да нығайту керек. Тек алдағы Олимпиада ойындарын ғана емес, одан кейінгі жағдайды да ұмытуға болмайды. Кеше Баку татамиінде күрескен жас балуандар 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін пісіп-жетілетін спортшылар. Оларды бүгіннен бастап додаға қосып, ірі жарыстарда сынамасақ, кейін кеш болады. Сондықтан, жүлдесіз қалдық деп қобалжудың қажеті жоқ. Бәрі де бақылауда. 

Ал ұлттық құрама үздіктері Азия чемпионатынан кейін дереу Қытайдың Хохот қаласында өтетін әлемдік Гран-при турниріне дайындықты бастап кеттті. 

Тап осы Хохоттағы турнирден бастап ұпай беру жүйесі өзгереді. Яғни, спортшының жиған ұпайы 100 пайыз есепке алынады. Демек, Токио Олимпиадасының жолдамасы үшін нағыз тартыс енді басталмақ, - дейді Айдын Смағұлов. 

Қытайдағы бәсекеге қатысатын спортшылар тізімі төмендегідей:

60 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев

66 келі: Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов

73 келі: Жансай Смағұлов, Серік Ақылбек

81 келі: Дидар Хамза, Руслан Мұсаев

90 келі: Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзаппаров

100 келі: Айбек Серікбаев, Әділхан Қозыбаев

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Хохоттағы Гран-при турнирі 24-26 мамыр аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 47 мемлекетінен 419 спортшы қатысады деп күтілуде.