Спорт • 13 Мамыр, 2019

Ат спортынан Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

1069 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-13 мамыр күндері Талғар қаласында ат спортынан Қазақстанның бесінші Спартакиадасы аяқталып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды деп жазады Olympic.kz.

Ат спортынан Қазақстан Спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

Командалық сында Алматы қаласы бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орынды тиісінше Түркістан және Алматы облыстары еншілеген. 

Жекелей сында Олег Попеляев (Алматы облысы) топ жарса, күміс жүлде ШҚО өкілі Олен Соколенкоға бұйырды. Алматылық Ержан Қорабай турнирдің қола жүлдегері атанды.