Сайлау • 13 Мамыр, 2019

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Таразға келді

1055 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және сайлаушылармен кездесу өтті.

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Таразға келді

Аталған кездесуге «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев, «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңес мүшелері, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары, кәсіпкерлер, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Әуелі «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның қазіргі жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламада айтылған Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту – халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті, ауылдар мен қалалардың әлеуметтік теңдігі – қоғамның өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі, дәстүрлі және рухани құндылықтарды сақтау – ел дамуының сенімді негізі және ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылды өркендетудің құралы сынды мәселелер де кеңінен талқыланды. Әрбір қатысушы бағдарламаға сәйкес өзінің пікірін білдіріп, оның маңыздылығын атап өтті.

Бұдан кейін «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Нұрлан Балғабаев және  «Ауыл» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы Қайрат Байжанов сөз алып, еліміздегі ең ірі саяси науқанға байланысты өз ойларын білдірді. Жиын соңында «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы  Әли Бектаев партияның қалалық және аудандық төрағаларымен кездесті.